06 қар, 2025 сағат 17:55

Forbes Қазақстандағы жылжымайтын мүлік арқылы ең көп табыс тапқан кәсіпкерлердің жаңа рейтиңін жариялады

Фото: © Depositphotos.com/lukasznowak

Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша еліміздегі ең ірі 20 рантьенің иелігінде жалпы 71 коммерциялық жылжымайтын мүлік нысаны бар. Оның ішінде 38-і — бизнес-орталықтар (жалпы санының 53,5%-ы), ал 33-і — сауда және сауда-ойын-сауық орталықтары (46,5%). Ең көп нысан Алматыда шоғырланған — 46 ғимарат немесе 64,8%, Астанада — 23 (32,4%), ал Шымкентте — 2 (2,82%). Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.

Барлық есепке алынған нысандардың жиынтық коммерциялық ауданы, меншік иелерінің үлестерін ескергенде, 1,5 миллион шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 1 089 мың шаршы метр (72,8%) — Алматыда, 375,4 мың шаршы метр (25,1%) — Астанада, және 31,4 мың шаршы метр (2,1%) — Шымкентте орналасқан.

Сонымен қатар, сауда және ойын-сауық орталықтары жалпы 1 118,8 мың шаршы метрді (74,8%) алып жатса, бизнес-орталықтардың үлесі 377 мың шаршы метр (25,2%) болды.

Алғашқы бес орын: 

1. Нұрлан Смағұлов — болжам бойынша, жылдық табысы 60,68 млрд теңге. Ол Астана мен Алматы қалаларындағы үш MEGA сауда орталығының иесі.
2. Тимур Құлыбаев — 33,45 млрд теңге. Оның меншігінде Астанадағы St. Regis пен Emerald Tower бизнес-орталықтары, KeruenCity, Keruen және Talan Gallery сауда орталықтарындағы үлестері бар. Сондай-ақ Алматыдағы Sputnik Mall, Moskva, Almaty Towers сияқты көптеген БЦ және ТЦ-ге иелік етеді.
3. Серік Төлбасы — 29 млрд теңге. Ол Астанадағы «Евразия» СОО-ның, Алматыдағы Dostyk Plaza және Шымкенттегі Shymkent Plaza-ның иесі.
4. Болат Өтемұратов — 15,7 млрд теңге. Астанада оған Talan Towers БО, ал Алматыда Park View Office Tower, Prime Business Park және Pine Office Park БО-лары тиесілі.
5. Мұқашевтер отбасы — 11,11 млрд теңге. Оларға Алматыдағы Aport Mall East және Aport Mall West сауда орталықтары тиесілі.