Фото: ашық дереккөз
Франция Президенті Эммануэль Макрон Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы қандай мәселелерді талқылағаны туралы мәлімет беріп, Х әлеуметтік желісінде жазба жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
«Біз стратегиялық әріптестігімізді нығайту мәселесін, әсіресе көлік және энергетика саласында, 2023 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған сапарымның және өткен қарашада Президент Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде талқыладық.
Сондай-ақ біз халықаралық жағдайды да қарастырдық: Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын және Оңтүстік Кавказдағы жүріп жатқан келіссөздерді», – деп жазды ол өз жазбасында.
