24 сәу, 2024 сағат 13:16

Гуманитарлық жүктер ақылы жолдармен тегін тасымалданады – ҚазАвтоЖол


Фото: Sputnik / Руслан Кривобок


Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жөнелтілген барлық гуманитарлық жүк ақылы жолдармен тегін тасымалданады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ.


2024 жылдың 24 сәуірі мен 5 мамыры аралығында ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет.


Өтінім берген кезде көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсету керек.