28 жел, 2019 сағат 16:25

ІІМ екінші ұшқыштың күзетке алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

ҚР ІІМ екінші ұшқыштың күзетке алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтемемен.

«Қазіргі уақытта ол (екінші ұшқыш – ред.) ауруханада жатыр. Медициналық мекемеде полиция қызметкерлері бар, бірақ олар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүр» делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі БАҚ өкілдерінен және жалпы қоғамнан нақтыланбаған ақпаратты таратпауды сұрайды.