08 мау, 2025 сағат 14:49

Илон Масктың кімнен таяқ жегені белгілі болды


Фото: Fox News


Америкалық миллиардер Илон Маскты АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессент ұрып, көзін көгерткен. Олардың арасындағы жанжал Ақ үйде болыпты, деп жазады inbusiness.kz .


Ақ үйде болған жанжал туралы ақпарат құралдарына Дональд Трамптың экс-кеңесшілерінің бірі айтып берген. 

Сәуірдің ортасында Маск пен Бессент президент кабинетіне кіріп, шенділердің бірін тағайындауға қатысты пікірін айтуға тиіс болыпты. Бірақ Трамп Бессенттің айтқанын орындаған. 


Экс-кеңесшінің сөзінше, Бессент пен Маск кабинеттен шығып, дәлізбен кетіп бара жатқанда бір-бірін балағаттай бастаған. Сондай-ақ қаржы министрі миллиардерді "алаяқ" деп атаған көрінеді. 


"Кейін Маск "регби ойнындағыдай" иығымен Бессентің кеуде тұсынан ұрған. Ал Бессент жауап қайтарып, Маскқа жұдырық ала жүгірді. Бірнеше адам араласып, оларды ажыртып алған", – делінген хабарламада. 


Дәл осы кезде Маск пен Трамптың қарым-қатынасы ушыға бастапты.