
Индонезияда автобус шатқалға құлап, соның салдарынан кемінде 24 адам қаза тауып, тағы 13-і жарақат алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" The Jakarta Post сайтына сілтеме жасап.
Ондаған жолаушысы бар автобус дүйсенбіге қараған түні Оңтүстік Суматра провинциясындағы 150 метрлік шатқалға құлады, деп хабарлады сейсенбі күні жергілікті полицияның баспасөз қызметі.
«Автобус шатқалға құламастан бұрын бетон жол тосқауылына кіріп кеткен. Кейбір адамдар әлі де көліктің ішінде», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Оқиға орнына зардап шеккендерді іздеу үшін іздестіру-құтқару топтары жіберілді. Апат Пагар Алам қаласының маңындағы шалғай жерде болды, ол өз кезегінде іздестіру-құтқару топтарының жұмысына кедергі келтірді, бірақ соған қарамастан оқиға орнында зардап шеккендердің кейбірі ауруханаға жеткізілді.
Ресми мәлімет бойынша, апат болған кезде автобуста барлығы 27 жолаушы болған, бірақ кейбір аман қалған адамдар полицияға апат болған кезде онда 50 шақты адам болғанын айтты.
Айта кету керек, қыркүйек айында осындай оқиғадан 21 адам қаза тапқан. Содан кейін автобус Батыс Яваның Сукабуми аймағындағы шатқалға құлады.
Осыдан бірнеше ай бұрын Батыс Ява қаласында автобустың жүргізушісі мен жолаушысының арасында жанжал туындап, соның салдарынан болған апаттан 12 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған болатын.
