09 нау, 2026 сағат 14:03

Иран Президенті Әзербайжан Президентіне телефон соқты


Масуд Пезешкиан. Фото: Iranian Presidency/Anadolu via Getty Images
8 наурызда Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке телефон соғып, бұл жағдай тергелертінін мәлімдеді. Бұл туралы Ult.kz Әзербайжан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Масуд Пезешкиан мемлекет басшысына Әзербайжандағы Иран елшілігіне барып, Иран Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеи мен көптеген бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтып, сондай-ақ Иранға гуманитарлық көмек көрсету ниетін білдіргені үшін алғыс айтты.

Нахчыванға әуеден жасалған шабуыл оқиғасының Иранға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеген Масуд Пезешкиан бұл жағдайдың жан-жақты тергелетінін атап өтті.

Президент Ильхам Әлиев соңғы оқиғалар кезінде Иранда көптеген бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты тағы да көңіл айтты.