14 там, 2016 сағат 13:57

Иван Дычко мен Магомедрасул Меджидовтің жекпе-жегі (Видео)

Бокстан Азия чемпионы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, аса ауыр салмақтағы қазақстандық Иван Дычко Олимпиададағы алғашқы кездесуінде өзінің әккі қарсыласымен жолығып, уақытынан бұрын жеңіске жеткен.

Отандасымыз әзірбайжаннан келген Магомедрасул Меджидовті екінші раундта техникалық нокаудпен ұтқан болатын.

Енді Иван Дычко ширек финалда қарсыласын нокаутпен жеңген нигериялық боксшы Эфе Аягбамен кездеседі.

Ұлт порталы