19 там, 2016 сағат 23:14

Иван Дычко мен Джозеф Джойс жекпе-жегі (Видео)

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз Иван Дычко жартылай финалдық жекпе-жекте британ боксшысы Джозеф Джойстан жеңіліп, қола медальды місе тұтты. 

Бірінші раундта төрешілер қазақстандық боксшыға жеңісті берген. Ал екінші және үшінші раундта ұлыбританиялық боксшының белсенділігі байқалды. Қорытынды есеп – 1:2 (28:29, 28:29, 28:29)

Еске сала кетейік, Иван алғашқы кездесуін әзірбайжандық Магомедрасул Меджидовке қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ал, ширек финалда ол нигерия боксшысы Эфе Аджагбаны тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алған еді.

Ұлт порталы