09 қаз, 2023 сағат 10:25

Израильдегі музыка фестивалінде өлтірілген 260 адамның мәйіті табылды - БАҚ

Фото: point.md

"ЗАКА" қоғамдық ұйымының еріктілері Израильдің оңтүстігіндегі Реимде өткен электрон музыка фестивалінде 260 адамның мәйіті табылғанын хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz порталы MIGnews сайтына сілтеме жасап.

Nature Party электрон музыка фестивалінде қаза тапқандар саны одан да көп болуы мүмкін екені атап өтілді. Сондай-ақ, ондаған адам тұтқынға алынған және қазір хабар-ошарсыз кеткендер есебінде.

Бұған дейін Израиль соғыс жағдайына кіргенін ресми түрде жариялаған болатын.

Еске салайық, 7 қазанда таңертең "Изз ад-Дин аль-Кассам" тобының ХАМАС әскери қанаты бұрын-соңды болмаған операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.

Өз кезегінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақты пайдаланып, Газа секторына шабуылдар басталғанын мәлімдеді.