Фото: Reuters
Канаданың басқарушы Либералдық партиясының жаңа лидерінің есімі белгілі болды. Ол – Англия банкінің бұрынғы басшысы Марк Карни. Оған сайлаушылардың 85,9 пайызы дауыс берген, деп хабарлайды Ult.kz.
Карни отставкаға кететінін мәлімдеген қазіргі үкімет басшысы Джастин Трюдоны алмастырады. Яғни Канаданың кезекті премьер-министрі болады.
Жеңіске жеткеннен кейінгі сөйлеген сөзінде Марк Карни Трампты Канаданы басып алу ниеті үшін айыптады. Сонымен бірге «Америка Канада емес. Канада ешқашан Американың бір бөлігі болмайды» деп мәлімдеді.