Фото: ашық дереккөз
Бұған дейін Қанат Шарлапаев «Самұрық-Қазына» қоры мен «Бәйтерек» холдингінде директорлар құрамындағы қызметінен босатылған, деп хабарлайды Ult.kz.
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде президиумның жаңа төрағасы сайланды. Бұл қызметке Қанат Шарлапаев тағайындалды.
Осы уақытқа дейін, 2022 жылдан бері, ҰКП президиумының төрағасы қызметін Райымбек Баталов атқарып келген.
Қанат Шарлапаев әр жылдары "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасының индустрия және құрылыс министрі қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, 2025 жылғы 28 ақпан мен 25 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.
Айта кетейік, Қанат Шарлапаев 2025 жылдың қыркүйек айында Президент әкімшілігіндегі қызметінен кеткен болатын.
