Фото: ашық дереккөз
Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық прокуратурасының талап-арызы негізінде, Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жылжымайтын мүлік пен жер телімін сату-сатып алу мәмілелерін жарамсыз деп таныды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл шешім №16 орта мектептің 1165,79 шаршы метрлік екі қабатты жапсарлас ғимаратын жекешелендіру және 1 гектардан астам жер телімін беру кезінде анықталған заң бұзушылықтарға байланысты қабылданды. Мектептің жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, бұл нысан заң бойынша жекешелендіруге жатпайтын болып шықты.
Сот мәмілелерді жарамсыз деп танып, қала әкімдігінің тиісті қаулысын жойды. Нәтижесінде мүлік мемлекеттік коммуналдық меншікке қайтарылды. Шешім 2025 жылғы 20 маусымда заңды күшіне енді.
Айта кетейік, бұған дейін прокуратураның бастамасымен заң бұзушылықтар негізінде Ленин атындағы кинотеатр да мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.
