Фото: Egov.kz
Оңтүстік-Шығыстағы Мақажанов атындағы ауруханада аймақ бойынша алғашқы Remebot нейрохирургиялық роботы іске қосылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл - миға ота жасауда дәрігерлерге 3D форматта жоспар құруға және аса жоғары дәлдікпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заманауи технология.
🔹 Remebot – нейрохирургиядағы ең озық роботтардың бірі
🔹 Жылына 300-ге дейін күрделі операция жасауға мүмкіндік береді
🔹 Емделушілердің қауіпсіздігін арттырады
🔹 Биопсия, ми ісігін абляциялау сынды күрделі ем-шараларды жүргізуге болады
Мамандардың айтуынша, бұл құрылғы Қарағанды облысындағы медицинаның дамуына қуатты серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етпек.
