22 мам, 2024 сағат 16:45

Қаржы мониторингі Бишімбаевтың отбасына тиесілі активтерді тексеруге дайын


Фото: Жоғарғы сот


ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қуандық Бишімбаевтың отбасы мен туыстарының активтері қаншалық заңды екенін тексеруге дайын. Бұл туралы аталған ведомство төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.


"Қазір бізде тіркелген қылмыстық іс жоқ. Бірақ біз заңсыз жолмен алынған қылмыстық кірістерге қатысты жалпы негізде тұрақты тексеру жүргіземіз. Егер қылмыстық жолмен алынып, заңдастырылған заңсыз кірістер болса, міндетті түрде жауапқа тартамыз. Петицияға қатысты тоқталсақ, петицияның нәтижесін күтейік. Бұл мәселе бойынша зерттеп, бұған міндетті түрде назар аударамыз", - деді агенттік төрағасының орынбасары.