20 нау, 2024 сағат 12:17

Қаржы пирамидасы: 7 ірі шетелдік жоба бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: Ашық дереккөз


Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы бойынша «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы іске қосылды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндағы басты мақсат - алаяқтық жобалардың өмірлік циклын және оларға тартылған салымшылар санын қысқарту.


IT құралдарын пайдалана отырып, қаржы пирамидаларының құрылған сәтінен бастап, ерте анықтау үшін әлеуметтік желілерге талдау жүргізілуде.


Биылғы жылы бұғаттауға 600 мың адам аудиторияны қамтыған, мыңға жуық қаржы пирамидасының белгілері бар сайттар мен шоттардың сілтемесі жіберілді.


Тек соңғы алты айда интернет желісінде 36 қаржы пирамидасы анықталды.


Олар бойынша «WhatsApp», «Telegram» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде 200 чат анықталған. Бүгінгі таңда 182 чат бұғатталды.


Осылайша, 126 мың азаматтың одан әрі қаржылық шығындарының алды алынды.


73 мың аудиториясы бар 7 ірі шетелдік жоба бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Eolus, Ниса, GPIBS, Дари получай, Чароит, Carhomi, Beefre).


Бір пирамида бойынша сот үкімі бар (Eolus-үкім 23.02.2024 ж.шығарылды).


Сонымен қатар, оларды толығымен жою үшін Агенттік қаржы пирамидаларын ұйымдастырды деген күдіктілердің орналасқан жері жайлы ақпаратты ТМД бойынша әріптестерін хабарлады.


Әріптес елдермен өзара іс-қимыл ТМД елдерінің салықтық (қаржылық) тергеп-тексеру органдарының Үйлестіру кеңесі жанынан ҚМА бастамасы бойынша Арнайы жұмыс тобын құрудың арқасында мүмкін болды.


«Айта кету керек, қаржы пирамидалары әлі де қаржылық инвестициялар саласындағы қылмыстық көріністің ең қауіпті модельдерінің бірі болып табылады. Олардың таралуы азаматтардың қаржылық жағдайына нұқсан келтіреді. Азаматтардың қарызға кіріп, көтерме несие алады, қылмыс пен суицидке барады. Мұның бәрі қоғамдағы әлеуметтік шиеленіске әкеледі, ал қылмыстық элементтер одан пайда табуды жалғастыруда», - делінген баспасөз-баянында.


Осыған байланысты, ҚМА қаржы пирамидасын құрғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.