Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдап, ведомство қызметінің негізгі нәтижелері мен алдағы міндеттерімен танысты, деп хабарлайды Ult.kz.
Жанат Элимановтың айтуынша, Агенттік соңғы кезеңде:
-
24 млрд теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған жалған компанияларды анықтады;
-
есірткі сатудан және алаяқтықтан түскен табыстарды заңдастырған 20 заңсыз криптобиржаның жұмысын тоқтатты;
-
ТМД аумағындағы ең ірі криптосервис жойылды. Ол 20 Darknet алаңымен байланысып, 200-ден астам «наркошопты» қамтыған. Нәтижесінде 9,7 млн доллар көлеміндегі виртуалды актив бұғатталды.
Сонымен бірге агенттік:
-
720 қылмыстық істі аяқтап, 15 ұйымдасқан қылмыстық топты (оның ішінде 3 трансұлттық) жойды;
-
17,1 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз шығару әрекетінің жолын кесті;
-
заңсыз алкоголь және темекі өнімдерін дайындаған 18 цехты әшкереледі;
-
көлеңкелі айналымнан 12 млрд теңгенің вейп өнімдерін тәркіледі.
Бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану деректері де анықталды:
-
жалпы құны 164 млрд теңге болатын 63 инфрақұрылымдық жобадағы заң бұзушылықтар;
-
ауыл шаруашылығына бөлінген 11 млрд теңге субсидиясының тиімсіз жұмсалуы;
-
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы 200 млрд теңге заңсыз шығарылған фактілер.
Агенттік азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қорғауға да ерекше көңіл бөлуде.
-
Заңсыз микронесиеге қатысты 23 іс қозғалып, шығыны 71 млрд теңгені құрады;
-
300 мыңнан астам қарыз алушының берешегін қайтару және есептен шығару шаралары жүргізілуде;
-
45 қаржы пирамидасы таратылып, 112 мыңнан астам азаматтың мүддесі қорғалды;
-
алаяқтық жобалар мен құмар ойындарға қатысы бар 31,5 мың сайт бұғатталды.
Президент ведомствоның атқарған жұмыстарын бағалап, қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
