Фото: Ақорда
Ақордада алты елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Сенім грамоталарын:
- Израиль мемлекетінің елшісі Йоав Быстрицки;
- Қырғыз Республикасының елшісі Құдайберген Базарбаев;
- Куба Республикасының елшісі Альфредо Федел Ниевес Портуондо;
- Ливан Республикасының елшісі Джордж Абу Зейд;
- Зимбабве Республикасының елшісі Марк Грей Маронгве;
- Сомали Федеративтік Республикасының елшісі Фатхудин Али Мохамед тапсырды.
Мемлекет басшысы елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
