05 мау, 2025 сағат 15:42

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды.

Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.