29 қаз, 2025 сағат 15:39

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының басшысы Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ult.kz.

Әңгіме барысында тараптар қазақ-беларусь қатынастарының қазіргі жағдайын және олардың даму перспективаларын талқылады. Мемлекеттер басшылары саяси диалогтың жоғары деңгейде өрбіп келе жатқанын, сондай-ақ сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың тұрақты дамып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ әңгіме барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына назар аударды.

Әңгіме соңында екі ел басшысы алдағы бірлескен іс-шаралар аясында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.