11 қаз, 2022 сағат 07:13

"Қауіптену керек". Британиялық басылым Қазақстан құрамасы жайлы


Британиялық British Broadcasting Company компаниясы Н тобына түскен Қазақстан құрамасы жайлы ақпарат бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz агенттігі.

Бұл топта қазақстандықтардан бөлек, Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино командалары бар.

"ФИФА рейтингінде: 113-орын. Бас бапкер: Магомед Адиев. Капитан: Асхат Тағыберген. Қауіпті ойыншы: Бахтиер Зайнутдинов.

Н тобында Қазақстан жұмбақ команда болып саналады.

Ойыншыларының көбі ішкі чемпионаттарында доп тебеді. Алайда 24 жастағы ЦСКА жартылай қорғаушысы қауіпті. Құрама сапында өткізген 24 матчта 10 гол соққан.

Қазақстан командасы Еуропада рейтингі ең төмен ұжым болғанымен, Ұлттар лигасының В дивизионына (4 жеңіс) жолдама алды. Сондықтан бұл қарсыластан қауіптену керек.

Солтүстік Ирландия Қазақстан футболшыларымен ешқашан кездеспеген. Бұл екі құрама арасындағы алғашқы кездесу болмақ", - делінген жазбада.

Еске салайық, Магомед Адиев баптайтын "қаршығалар" Еуро-2024 іріктеу турнирін 2022 жылдың 23 наурызында өз алаңында Словенияға қарсы кездесуден бастайды.