Фото: Kazakh Tourism
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Қайрат Сәдуақасов Басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Ұлттық компания басшысының міндетін атқарушы лауазымына Даниел Сержанұлы тағайындалды. Ол 2024 жылдың қаңтарынан бері Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
"Қайрат Сәдуақасов ұлттық компанияны құрудың бастауында тұрған және әр жылдары төраға орынбасары қызметінде маркетинг, цифрландыру, инвестициялар мен өңірлік даму бағыттарына жетекшілік етті.Ол Басқарма төрағасы лауазымында Қазақстанды жаңа туристік бағыт ретінде халықаралық деңгейде ілгерілетуді едәуір күшейтті", - делінген хабарламада.
Қайрат Сәдуақасов туризм саласындағы кәсіби қызметін жеке секторда жалғастыратыны айтылған.