5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алғашқы жарыс күнінің финалистері белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Жарыстың алғашқы күнінде спортшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады.
Бүгін, 9 қыркүйек бозкілемге ерлер 55, 60, 66, 74 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде шықса, әйелдер 48, 52, 56 және 60 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде бақ сынап жатыр.