30 қыр, 2022 сағат 09:17

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы жетістігінен қанша табыс тапты?


Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында қанша пайда тапқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Бұл турнирге қатысқаны үшін Қазақстан С дивизионындағы басқа құрамалар сияқты нақты 1,125 миллион еуро сыйақы алды. 

Ал С дивизионында жеңіске жеткені үшін жоғары сомма екі еселенді. Яғни, жалпы сыйақы 2,25 миллион еуро болды. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында бірінші орын алып, В тобына жолдама алды. Осылайша, біздің құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатына таласуға мүмкіндік алды.