17 мау, 2025 сағат 12:36

Қазақстан мен Қытай жер сілкіністерін бірлесе зерттейді

Фото: ашық дереккөз

Астанада Төтенше жағдайлар министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және Қытайдың Жер сілкіністері жөніндегі басқармасы сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.

Құжатқа сәйкес, Алматы қаласында Қазақстан-Қытай жер сілкіністерін зерттеу орталығы құрылады. Орталықтың мақсаты — сейсмикалық қауіп-қатерді азайту саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту және Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайту.

Тараптар жер сілкінісі туралы ерте ескерту жүйелерін енгізуді, сейсмикалық ақпаратпен нақты уақыт режимінде алмасуды, сондай-ақ сейсмология саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуды жоспарлап отыр.