30 қыр, 2025 сағат 15:19

Қазақстан Трамптың Газа секторындағы бейбітшілік жоспарын қолдады

Фото: Ақорда

Қазақстан АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан бұл бастаманы Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға, мемлекеттер арасындағы өзара сенімді арттыруға және бейбітшілікті қамтамасыз етуге жасалған маңызды қадам әрі бірегей мүмкіндік деп бағалайды.

Қазақстан әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған кез келген халықаралық бастаманы қолдай беретінін атап өтті.