15 ақп, 2023 сағат 09:11

Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Фото: primeminister.kz

Қазақстан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.  

Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар" - делінген хабарламада.

Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.