27 мау, 2025 сағат 13:38

Қазақстанда 2025 жылы шетелдік жоғары оқу орындарының 10 филиалы ашылады

Фото: Elordainfo

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 11 филиалы ашылды. 2025 жылы тағы 10 филиал ашу жоспарланған. Шетелдік студенттер саны 30 мың адамға жетті, деп хабарлайды Ult.kz.

Сондай-ақ, өткен жылы студенттердің стипендиясы 2 есе өсті, ал гранттар саны 7%-ға өсті.

Мемлекет басшысының студенттерге орын жетіспеу кезінде тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде 2024 жылы 11 мың орындық 40 жатақхана пайдалануға берілді.

2025 жылы да 10,5 мың орындық 23 жатақхана салу жоспарланып отыр.