06 жел, 2023 сағат 12:45

Қазақстанда 42 градусқа дейін аяз болады

Фото ашық дереккөзден алынды

Синоптиктер Қазақстанда 7-9 желтоқсанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар мәліметінше, суық Солтүстік-батыс антициклонының енуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі, тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады.

"Түнде ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін, еліміздің қиыр солтүстігінде 42 градус аязға дейін, республиканың орталығында және шығысында 28-33 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5-13 градус аязға дейін төмендейді. Республика бойынша тұман күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді" - делінген хабарламада.