29 мам, 2017 сағат 13:56

Қазақстанда АИ-80 бензині қымбаттауы мүмкін

 

Қазақстанда АИ-80 бензині қымбаттауы мүмкін. Kolesa.kz сайтының мәліметінше, Энергетика министрлігі отынның осы түрін мемлекет тарапынан реттеуді алып тастайтын бұйрық дайындап жатыр.

Министрдің мемлекеттік реттеу бекітілетін мұнай өнімдерінің тізімін алып тастау, сондай-ақ шектік бөлшек сауда бағасын тоқтату туралы талқылау egov.kz сайтында жарияланған. 

"Маусым айының ортасында құжат Ұлттық экономика министрлігімен келісіліп, Әділет министрлігінде тіркеледі және ол жарияланған соң 10 күннен кейін күшіне енеді деп болжанып отыр. Осылайша, 2017 жылдың шілде айының басында Қазақстанда мемлекет реттейтін бірде-бір жанар-жағармай материалдарының бірде-бір түрі қалмайды", - деп жазады басылым.

Қазіргі уақытта АИ-80 маркалы мұнайды мемлекет реттейді. АИ-92 маркалы мұнайдың бағасын министрлік 2015 жылдың қыркүйегінен бастап реттемейді. 2016 жылдың тамызында солярка еркін бағада сатыла бастаған еді. Бүгінде АИ-80 маркалы бензиніне жиі дефицит пайда болады, ал 2018 жылы жанармай құю бекеттерінен тіпті де жоғалып кетуі мүмкін.

kaz.tengrinews.kz