20 қыр, 2023 сағат 17:28

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: pibig.info

Синоптиктер 21-23 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар мәліметінше, алдағы күндері ауа-райының тұрақсыз сипаты елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында әлі де сақталады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жауады. Сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанып отыр.

"21 қыркүйекте оңтүстікте, 21-23 қыркүйекте шығыста, 21-22 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында Батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Елдің батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп болжануда. Одан бөлек солтүстік, солтүстік-батыс және орталық аймақтарда түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі.

Республиканың батыс облыстарында ауа температурасы күндіз 24-30-ға дейін, елдің солтүстік-батысында 15-27-ге дейін көтеріледі, республиканың солтүстігінде 10-16-ға дейін төмендейді, орталықта негізгі фон 10-23 жылы боп, шығыста 10-15-ке дейін төмендейді, оңтүстікте 20-28-ге дейін жоғарылайды, оңтүстік-шығыста 12-22-ге дейін, таулы аудандарында 2-10 градусқа дейін төмендейді" - делінген хабарламада.