26 жел, 2023 сағат 14:25

Қазақстанда автогаздың шекті бағасы бекітілді

Фото:gov.kz

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекітті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жаңа баға шегі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Аймақтар бойынша бекітілген шекті бағалар мынадай:

  • Астана - 76 теңге;
  • Алматы - 81 теңге;
  • Шымкент - 64 теңге;
  • Алматы облысы, СҚО - 81 теңге;
  • Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары - 54 теңге;
  • Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары - 76 теңге;
  • Жамбыл облысы - 71 теңге;
  • Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары - 64 теңге;
  • Павлодар облысы - 74 теңге.
  • Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары - 76 теңге.

Әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан астам) шекті бағалар 5 теңгеге жоғары болады.

Бұған дейін энергетика министрлігі шекті бағаларды анықтау қағидаларына енгізілген өзгерістер сұйытылған мұнай газының қазіргі кезеңдегі бағасының өсуін білдірмейтінін хабарлаған болатын. Бұл ретте шекті көтерме және бөлшек сауда бағалары сұйытылған мұнай газын өндіру құнын ескере отырып енгізілетін болады. Сондай-ақ, үш жыл ішінде әр алты ай сайын сұйытылған газдың бағасы 5 теңгеге көтерілетіні хабарланды. Бірінші өсім 2024 жылдың бірінші тоқсанында болады деп күтіліп отыр.