16 қаз, 2023 сағат 14:33

Қазақстанда қанша көлік бар?

Фото: Илья Наймушин/РИА «Новости»

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы көлік саны туралы мәлімет жариялады.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көлік саны 5 085 427 болды. Оның 4 472 375-і жеңіл көлік, 507 547-сі – жүк көлігі, 105 505-і – автобустар.

Бюро мәліметінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, жеңіл автокөліктердің қозғалысын қамтамасыз ету үшін жанармай ретінде бензинді – 4 180 446 көлік, дизель отынын – 364 659 көлік, электр энергиясын – 5 342 көлік қолданады.

Еске сала кетейік, 1 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 5 015 200 болған.