18 қаз, 2023 сағат 12:53

Қазақстанда көлік салығы алынып тасталмайды – Қуантыров

Фото: primeminister.kz

Қазақстанда көлік салығы қалады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Көлік салығы талқыланып жатқан жоқ. Ол қалады", - деді министр мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі кейбір автокөлік иелерін көлік салығынан босатуды ұсынды.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин көлік салығын бензин акцизінің құнына ауыстыру нұсқасы талқыланып жатқанын мәлімдеген болатын. Көлік салығын қозғалтқыш көлемі 3,5-4 литрге дейінгі автомобильдер үшін алып тастау көзделген еді.