30 қаң, 2024 сағат 16:24

Қазақстанда коммуналдық қызметтер тарифі қалай өседі?

Фото: depositphotos.com

2024 жылы Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері тағы өседі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Кейбір субъектілер мен ТҮКШ түрлері бойынша тарифтердің орташа өсімі 10-15 пайыз болады. Оны шектеуге тырысамыз, әйтпесе өсім әлдеқайда көп болар еді. Тек инфляцияны ұстап тұру керек. Бұл (өсім - еск.) қызметтердің барлық түріне қатысты, өйткені инфрақұрылымның тозуы - қызметтердің барлық түрінде бар мәселе. Яғни құбырларға, желілерге, су құбырларына, кәріздерге", - деді Қуантыров Үкіметте өткен брифингте.

Министр Коммуналдық қызметтерге тарифтерді түзету жыл сайын жүргізілетінін еске салды, өйткені тарифтік бағдарлама жеті жылға есептелген. Сонымен қатар, өсім "халық пен бизнес инфляцияға сәйкес келетіндей және барлық жұмыстарды қарапайым түрде орындай алатындай" біртіндеп жүреді.