21 там, 2023 сағат 11:37

Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 22-24 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде атмосферада жылы және тұрақсыз ауа массалары сақталады, олар жаңбырдың түсуіне себеп болады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде найзағай соғып, бұршақ жауып, екпінді жел мен қатты жаңбыр күтіледі.

"Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз 18-24 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі, қалған аумақта температура фонында айтарлықтай ауытқу күтілмейді", - делінген хабарламада.