30 қыр, 2019 сағат 11:03

Қазақстанда күн жылынады

Қазақстанда 1-3 қазан аралығындағы ауа райы жауын-шашынсыз, түн аязсыз болады деп күтілуде. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстанға қарай жылжыған антициклон республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын мен салқынның келуін тоқтатты. Антициклонның Батыс Сібірдің солтүстік-шығысына, оңтүстігіне ығысуына қарай ауа температурасы көтеріліп, орташа көпжылдық мәнге жақын болады», делінген хабарламада.