Фото: Конституциялық сот баспасөз қызметі
Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысы басталды. Әділет министрі Сәрсембаев азаматтар, саяси партиялар, ұйымдар мен сарапшылардың қатысуымен әзірленген Конституцияға өзгерістер енгізу жобасын таныстырды, деп хабарлайды Ult.kz.
Министрлік басшысы президент Құрылтайдың (бірпалаталы парламенттің) келісімімен вице-президентті, премьер-министрді, Конституциялық соттың 10 судьясын, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесін және Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін тағайындайтын норманы бекітуді ұсынды. Сонымен қатар, аталған лауазымдарға тағайындаудан парламент қайта-қайта бас тартқан жағдайда, мемлекет басшысына парламентті тарату құқығын беру көзделіп отыр.
Бұдан бөлек, президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда елді вице-президент басқаруы туралы норма ұсынылды. Бұл жағдайда президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған күннен бастап 7 күн ішінде парламент президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдайды. Ал сайлау парламент шешім қабылдаған күннен бастап 2 ай ішінде өткізілуі керек.
