06 жел, 2023 сағат 18:24

Қазақстанда такси бағасы күрт өсті

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда такси бағасы күрт өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, такси қызметі бизнесінің кірісі 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы айтарлықтай өскен. Ал 2023 жылдың қаңтар-қазан кезеңінде 4,7 миллирад теңге болған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,7 пайызға артық.


Жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістердің ұлғаюы елдегі жолаушылар тасымалының барлық кірісінің 2,7 пайызын құрады.

Бір жыл ішінде такси қызметі 11,3 пайызға қымбаттаған. Салыстыру үшін: былтыр баға 9,7 пайызға өскен.


Такси тарифтері Алматыда көбірек өскен – 40,5 пайызға. Одан төменірек Ақтөбе (22,1 пайыз) және Абай (13,3 пайыз) облыстары тұр. Жалпы, бағаның өсуі Қазақстанның 20 аймағының 18-іне әсер еткен.

Батыс Қазақстан облысы мен Астанада такси ақысы 1,8 пайызға ғана өскен.

Қарағанды ​​облысында баға жыл бойы өзгермеген, ал Шығыс Қазақстан облысында тіпті 6 пайызға төмендеген.