18 мау, 2025 сағат 16:32

Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер өсті

Фото: ашық дереккөз

Мәжілісте Үкіметтің 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау кезінде каржы министрі Мәди Такиев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Ult.kz.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 9 %-ға индекстелді. Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 9%-ға индекстелген, ең төменгі күнкөріс деңгейі 60% - дан 65%-ға дейін, ал ең жоғары мөлшері 100%-дан 105%-ға дейін ұлғайды. Тиісінше, 2024 жылы жиынтық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 86 068 теңгені, ал ең жоғары мөлшері – 197 873 теңгені құрады.

Сонымен бірге 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7%-ға артты. Мысалы, еңбекке жарамсыз және асыраушысынан айырылған 1 млн 382 мың адамға – 958,3 млрд теңге, 541,2 мың мүгедек адамға – 477,3 млрд теңге және 1 млн 323 мың балалы отбасыға – 652,0 млрд теңге сомада төлемдер берілді.