14 мау, 2025 сағат 13:46

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті «Росатом» салады

Фото: Gov.kz

Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысын жүзеге асыратын халықаралық консорциумды "Росатом" басқаратын болды. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

«Атом энергиясы жөніндегі агенттік, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС және француздық Assystem инженерлік компаниясы бірлесіп әзірлеген әдістеме негізінде ұсынылған реакторлық технологиялар кешенді түрде бағаланды. Ол қауіпсіздік, технологиялық және қаржылық аспектілер, халықаралық тәжірибе, кадр даярлығы және өндірісті жергіліктендіру деңгейі сияқты бірқатар көрсеткіштер бойынша жүргізілді. Атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жүргізілген талдау нәтижесінде  Қазақстанда АЭС салу бойынша ең оңтайлы әрі тиімді ұсыныстар ресейлік «Росатом» компаниясынан түскенін анықтады», - делінген агеттік хабарламасында. 


Қазірде «Росатом» компаниясының ұсыныстары аясында Қазақстанда АЭС салу жобасына Ресей тарапынан мемлекеттік экспорттық қаржыландыру тарту мәселесі қарастырылуда.

Сонымен қатар Атом энергиясы агенттігі Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу үшін тиімді халықаралық консорциум қалыптастыру бағытында шетелдік серіктестермен жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.