15 қыр, 2023 сағат 15:13

Қазақстандағы көлік саны 5 миллионнан асты

Фото: globallookpress.com

Қазақстандағы көлік саны 5 миллионнан асты, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

"2023 жылғы шілдеде 169,3 мың автокөлік есепке қойылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,8 есе артып отыр. Оның ішінде жеңіл автомобильдер 1,8 есе, автобустар – 2,2 есе және жүк автомобильдері 1,8 есе артты", - делінген хабарламада.

Ал өткен жылдың 1 тамызындағы жағдаймен салыстырғанда көлік саны 15% өскен.

Жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 223 мың, Алматы қаласында – 200,7 мың, Астанада – 153,7 мың, Қарағанды облысында-151 мың және Шығыс Қазақстан облысында – 137,4 мың.