24 жел, 2019 сағат 18:54

Қазақстандық «Ник Вуйчич» Хабиб Нурмагомедпен кездесті

Қазақстандық «Ник Вуйчич» Хабиб Нурмагомед Әли Тұрғанбеков UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовқа PSG ойыншыларының қолтаңбасы қойылған допты сыйға тартты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Олар футбол ойнап, бірге суретке түсті.

«Өздеріңіз білесіздер мен PSG ойыншыларымен кездескен болатынмын. Сол кезде Неймар, Мбаппе, ди Марии және Каванидің қолтаңбаларын жинадым. Мен сол допты Сізге сыйлағым келеді», - деп Әли допты Хабибке тапсырды.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов жанкүйерлерімен кездесу үшін Алматыға келген еді.

Еске салсақ, бұған дейін Хабиб Нурмагомедов қазақстандық «Ник Вуйчичке» сыйлық жасаған.

Әли тіпті әйгілі футбол жұлдызы Лионель Мессимен де кездесіп, фотосуретке түскен. Сондай-ақ, ол Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстады.

Ал 2017 жылдың желтоқсан айында Әли өзінің кумирі Ник Вуйчичпен жүздескен болатын.