16 ақп, 2023 сағат 11:25

Қазақстандықтар Түркияда зардап шеккендерге 3,6 миллион доллар жинады

Фото: © REUTERS/Benoit Tessier

Қазақстандықтар Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге 3,6 миллион доллар жинады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Жер сілкінісінен зардап шеккендерге арналған көмек шотына бүгін Қазақстанда жиналған 216 мың АҚШ доллары AFAD-тың ресми шотына аударылды. Осылайша, қайырымдылықтың жалпы көлемі 3 миллион 616 мың АҚШ долларын құрады", - делінген Түркия Елшілігінің хабарламасында.