10 қар, 2023 сағат 16:31

Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?

Фото: depositphotos.com

2023 жылдың желтоқсанында қазақстандықтар 11 күн демалады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан халқы желтоқсанда дәстүрлі түрде Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Биыл Тәуелсіздік күні, яғни 16 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар дүйсенбі күні де демалады.

Тәуелсіздік күні:

  • аптасына бес күн жұмыс істейтіндер: 16, 17, 18 желтоқсан күндері;
  • аптасына алты күн жұмыс істейтіндер: 16 және 17 желтоқсан күндері демалады. 

Желтоқсанда барлығы 11 демалыс және 20 жұмыс күні бар.