04 нау, 2023 сағат 13:17

Қазақстандықтардың 85 миллион теңгесін жымқырған әйел елге экстрадицияланды

видеодан алынған кадр

Қазақстандықтардан 85 млн теңгеден астам ақша жымқырған қаржы пирамидасының жетекшісі Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

«Украина Бас прокурорының офисі қаржы пирамидасын ұйымдастырған және басқарған «К» есімді Қазақстан азаматын экстрадициялау туралы өтінішімізді қанағаттандырды. Тергеу барысында аталған адамның 2017-2018 жылдар кезеңінде тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде беріп, қазақстандық азаматтардың 85 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын алдап алғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, ұсталған азаматқа халықаралық іздеу жарияланған.

Биыл қаңтарда күдіктіні Украина аумағында сол елдің құқық қорғау органдары ұстады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.