27 қыр, 2017 сағат 15:12

Қазақстандықтардың депозитінің жартысы доллармен сақтаулы - ҚР Ұлттық банкі

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 8 765,1 миллиард теңге (бір айда 3,4 пайызға қысқарды) болды, шетел валютасындағы депозиттер 8 886,2 миллиард теңгеге дейін 3,7 пайызға ұлғайды. Долларлану деңгейі тамызда 50,3 пайызға тең болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда іс жүзінде өзгермей (өсу 0,1 пайызға), 2017 жылғы тамыздың соңында 17 651,3 миллиард теңге болған. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 614,0 миллиард теңгеге дейін 0,9 пайызға қысқарды, жеке тұлғалардың депозиттері 8 037,3 миллиард теңгеге дейін 1,2 пайызға ұлғайды", - делінген қаржы реттеушісінің хабарламасында.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2017 жылғы тамызда 3,6 пайызға қысқарып, 5 288,7 миллиард теңге болды, шетел валютасындағы депозиттері 4 325,4 миллиард теңгеге дейін 2,7 пайызға (заңды тұлғалар депозиттерінің 45,0 пайызы) ұлғайған.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 3476,5 миллиард теңгеге дейін 3,1 пайызға төмендеді, шетел валютасымен депозиттер 4 560,8 миллиард теңгеге дейін 4,7 пайыз-ға (жеке тұлғалар депозиттерінің 56,7 пайызы) өсті. Мерзімді депозиттер 12 333,3 миллиард теңгеге дейін 2,7 пайызға өсті.

Олардың құрылымында ұлттық валютамен салымдар 5 847,1 миллиард теңге, шетел валютасымен салымдар 6 486,2 миллиард теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 8,0пайыз (2016 жылғы желтоқсанда - 10,5пайыз), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 12,2 пайыз деңгейінде қалыптасты.