16 сәу, 2025 сағат 18:22

Қазақстанға автомобиль мен мұнай газын негізінен Ресей мен Қытай импорттайды


© Sputnik / Алексей Даничев 


Қазақстанға импортталған өнімнің басым бөлігі Ресей мен Қытайға тиесілі, дейді ұлттық статистика бюросы.


Негізгі тауарлар: жеңіл автомобильдер, моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар, дәрілік заттар, телефон аппараттары, мұнай газдары және өзге де газ тәріздес көмірсутектер.


Қытайдың үлесі - 28,8%;
Ресей - жалпы көлемнің 28,5%-ін құрады.
Басқа да импорттаушы елдер:
Корея - 4,7%;
Германия - 4,1%;
АҚШ – 2,9%.



Сондай-ақ экспорт бойынша Қазақстанның негізгі әріптес елдері:



Италия - 26,7%;
Қытай – 15%;
Ресей - 9,5%;
Нидерланды - 5,2%;
Түркия - 5,1%.



Жалпы, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы биыл қаңтар-ақпанда 19 016,6 миллион долларға жетті. Оның ішінде:



экспорт -10 755,2 миллион доллар;
импорт - 8 261,4 миллион доллар.