13 нау, 2023 сағат 17:28

Қазақстанға жұмыс істеуге келетін ресейліктердің саны екі есе артты

Фото: 74.ru

Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикасы бойынша Қазақстанға жұмыс істеуге келетін ресейліктердің саны екі есе өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Мәселен, егер 2021 жылы Қазақстанға жұмысқа орналасу мақсатында Ресейдің 31 600 азаматы келсе, былтыр 63 000 ресейлік келген.

Еңбек көші-қоны және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Алтынай Өмірбекованың айтуынша, статистика тек жұмыс істеу мақсатында келген, жұмыс істейтін адамдар бойынша жүргізіледі.

"Біз статистиканы тек жұмысшыларға, яғни белгілі бір елге белгілі бір мақсатпен жұмыс істеуге келген адамдарға  ғана қатысты жүргіземіз, олар - тіркеу кезінде еңбек шартын жасайтын адамдар. Мақсаты жұмысқа орналасу болғандарды ғана жазамыз", - дейді Алтынай Өмірбекова.