Фото: ашық дереккөз
Ұлттық банк өндірістік және логистикалық қиындықтарға байланысты қазір екінші деңгейлі банктер мен айырбас пунктерінде алтын сатуды уақытша тоқтатқан, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов еліміз 19 ақпаннан бастап алтынды шетелге сатуға шектеу қойғанын хабарлаған еді.
Қазір әлемдік нарықтағы бір унция алтынның құны - 3 330 доллар. Бұл - бұрын-соңды болмаған баға. Сарапшылар мұны Трамп бастаған әлемдік соғыстың өршуімен байланыстырады.
Ал Қазақстанда 1 грамм алтынның бағасы 55 мың теңгеден асады. Кейбір ірі банктерде ол 60 мың теңгеден сатылып жатыр.